Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Кеңес Рақышев Украинадағы БТА банкін Вячеслав Мишалов пен Дмитрий Шевчукке сатқалы жатыр. Мәліметті Kursiv.Media-ға Қазақстандағы БТА банкі растады.
«В. Мишалов пен Д. Шевчукпен БТА Банкі (Украина) акцияларын сатып алу жөнінде алдын ала келісім бар. Қазір келісім шарттарын Украина монополияға қарсы комитеті қарап жатыр. Украина Ұлттық банкінің келісімінен кейін ғана келісімді жүзеге асыруға болады», — дейді БТА банкінің (Қазақстан) өкілдері Kursiv.Media-ға.
Украина монополиямен күрес комитеті 23 қаңтарда Мишалов пен Шевчукке жергілікті БТА банкін алуға рұқсат берген. Комитет сайтында жарияланған құжатқа қарағанда, Мишалов қаржы мекемесі акцияларының 70%-ын, ал Шевчук қалған 30%-ын...