Қайрат Шайхиев – Қазақстанның ірі БАҚ-тарында 17 жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп келе жатқан білікті медиаменеджер әрі редактор. Оның редакциялық процестерді ұйымдастыруда, цифрлық стратегияларды дамытып, тиімділігі жоғары командаларды құруда тәжірибесі мол.
Ол әр жылдары Тұңғыш Президент Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында Әлемдік экономика орталығының сарапшысы, КТК телеарнасы интернет бөлімінің басшысы, 8 жылдан астам уақыт Zakon.kz сайтының жетекшісі, Inbusiness.kz сайтының директоры қызметтерін атқарған.
Қайрат Шайхиевтің жетекшілігімен Zakon.kz сайты жылдың үздік жаңалықтар порталы ретінде «Үркер» ұлттық сыйлығын екі мәрте иеленді. Ал жобалардың қаралымы бірнеше есе артты. Ол іске қосқан Sportarena.kz жобасы алғашқы тоқсаннан кейін-ақ Қазақстанның үздік үш спорт сайтыны...