Астана қаласының әкімдігі соңғы уақытта жекеменшік мектеп, колледж, орталық ретінде бүркемеленген алаяқтық әрекеттер жиілегені туралы хабарлады.
Олар заңсыз әрекеттерін көбіне қарапайым жарнама жүзеге асыратын болған. Әкімдік осыған байланысты елорда тұрғындарын сақ болуға шақырып, білім беру ұйымын таңдағанда кей маңызды жайттарға назар аударуға үндейді.
«Атап айтқанда, мекеменің ресми тіркелгенін және лицензиясының барын тексеру қажет. Ата-аналардың пікірлері мен ұйымның беделіне мән беріңіз. Шартқа қол қоймас бұрын құжаттармен мұқият танысыңыз. Егер күмән туындаса – келісімнен бас тартқан жөн», – дейді әкімдіктегілер.
Алаяқтықтың негізгі белгілері:
көрсетілетін қызметтер бойынша нақты ақпарат пен ресми құжаттардың болмауы; заңсыз алдын ала төлем...