2025 жылдың 9 айында республикалық бюджетке жоспарланған қаржының 95%-ы, яғни 15,3 трлн теңге түскен. Алайда қазынаға салық 467,5 млрд теңгеге кем құйылды. Қаржы министрлігі мұны ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы (ҚҚС) мен корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша жоспардың орындалмауымен түсіндіреді.
Республикалық бюджет кірістері трансферттерді есепке алғанда 15,1 трлн теңгені құрады, бұл жоспардың 94,4 пайызы. Трансферттерді есептемегендегі таза кірістер 10,5 трлн теңгені құрап, жоспардың 97,3 пайызына жетті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда таза кірістер 1,4 трлн теңгеге артқан.
Бюджет құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі. 2025 жылғы 1 қазанға дейін бюджетке 9,95 трлн теңге салық түскен. Дегенмен бұл жоспарланған...