Алматы қаласында Magnum, Small және Toimart сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтермеуге міндеттеме алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ритейлерлер мен әкімдік арасында қол қойылған меморандум шеңберінде жыл соңына дейін сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.
«Құжаттың мақсаты – баға тұрақтылығын сақтау, тұрғындарға қолдау көрсету және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың алыпсатарлық жолмен қымбаттауына жол бермеу», – делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, бағаны тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілерден тікелей жеткізілімдер ұйымдастырылған. Атап айтқанда:
құс еті «Алатау-Кұс», «Отан Грин Фуд» және «Наурыз Агро» кәсіпорындарынан; бірінші санаттағы жұмыртқа «Сары-Бұлақ» фабрикасынан; күріш «Асыл Дән» компаниясынан; қант...