16-18 мамыр аралығында Астанадағы EXPО-да жыл сайынғы VIII Ulttyq ónim көрмесі өтеді. 350-ге жуық қазақстандық бренд жиналып, келушілерге өз өнімдерін ұсынады. Тағам, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейін осы көрмеден табуға болады.
Қатысушылар арасында «Гормолзавод», Aq Dam ұлттық тәттілері, Galamilk, белсенді демалыс пен туризмге арналған киім және жабдықтар өндірушісі Altay Outwear, зергерлік бұйымдар бренді Balausa Jewelry, аккумулятор батареяларын шығаратын «Кайнар АКБ» ЖШС, дезинфекциялаушы, косметикалық және жуғыш құралдарды шығаратын көшбасшы – «Аврора» компаниясы да бар.
Көрме қалай өтеді?
Ulttyq ónim шарасы кезінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар болады. Оған...