Ресейде бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт өлі табылды. Бұл туралы «112», Shot және Mash телеграм-арналары хабарлаған, деп жазады Настоящее время басылымы.
Shot дерегінше, оның жанынан қару табылған. Ал Mash жазуынша, Старовойт 2023 жылы ІІМ басшылығынан сыйлық ретінде алған марапаттық қарумен өзін атып өлтірген.
Марқұмның денесі Макинино ауылындағы үйінен табылған. Baza мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, Старовойттың өзін-өзі өлтіруі оған қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланысты болуы мүмкін.
Дереккөздердің айтуынша, Роман Старовойтқа қатысты бұрын Курск облысының әкімі болған, сондай-ақ оның орынбасары қызметін атқарған Алексей Смирнов куәлік берген.
Ресей Мемлекеттік думасының қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов RTVI арнасына...