«Еуразиялық банк» 2024 жылғы қаржы нәтижесі бойынша акционерлерге дивиденд төлемейді. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланды. Шешімді банктің жалғыз акционері – «Евразиялық қаржы компаниясы» (ЕҚК) бекіткен.
Компанияның ресми құжатында банктің 2024 жылғы таза пайдасы бөлінбей, меншікті капиталды нығайтуға бағытталатыны мәлімделген. Құжатта:
«Еуразиялық банктің 2024 жылғы пайдасын бөлмей, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасына қосу туралы шешім қабылданды. Қарапайым акциялар бойынша дивиденд төленбейді», – делінген.
ЕҚК акционерлері – Патох Шодиев, марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлері және Алиджан Ибрагимовтың отбасы. Әрқайсысы компания капиталының 33,3% үлестен иеленеді. Осылайша бұл шешім нәтижесінде банк иелері 2024 жыл үшін дивиденд...