Құрама Штаттар Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығысқа араласу-араласпау мәселесін 24-48 сағаттың ішінде шешеді. Бұл туралы ABC хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, 17 маусым күні Ақ үйде президент Дональд Трамп басты кеңесшілерімен кездескен. Құрама Штаттардың ресми өкілдері Иран мәселесін дипломатиялық жолмен шешу немесе әскерге жүгіну туралы шешім бір-екі тәулікте қабылданатынын меңзеді деп жазды ABC.
Вашингтондағы жиын қарсаңында Трамп Иран билігіне қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Ол Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қайда жасырынып жүргенін АҚШ біледі деп жазды.
«Ол оңай нысан, бірақ өз елінде қауіпсіз сезінеді. Біз оны алып шыққалы (өлтіргелі!) жатқан жоқпыз. Қазір емес. Бірақ біз...