Актриса Әлия Ануарбек MOM’sкий әңгіме подкастында өміріндегі өзгерістермен бөлісті. Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Ілиясова актрисадан сүйіктісі туралы сұрады.
«Соңғы бес жылда жаңа жұмыс, көшу, жаңа фильм, басты рөл. Қазір қарым-қатынасың бар. «Бақыт құшағында» фильмі кезінде сырға салу болған еді. Естігенімізше, саған ұсыныс жасаған екен».
Әлия бұл сұраққа күлімсірей жауап беріп, қуанышты жаңалығын растады:
«Иә, ол маған ұсыныс жасады. Енді мен қалыңдықпын», — деді актриса.
Актриса атап өткендей, «Бақыт құшағында» фильмі оның кәсіби өмірінде ғана емес, жеке өмірінде де маңызды кезеңге айналған. Түсірілім барысында өз сөзінше, шынымен де «бақыт құшағында» болғанын...