Композиторлар одағының мүшесі Юрий Аравин 84 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді.
«Юрий Аравин – қазақтың халық музыкасын кеңінен насихаттаған танымал тұлғалардың бірі. Ұлттық мәдениетке бар жан-тәнімен берілген азамат ретінде фольклорлық мұраларды жинақтау мақсатында көптеген ғылыми-шығармашылық экспедицияларға бастамашысы болды. Көптеген көне музыкалық туындыларды жаңғыртып, ғылыми жүйеге түсірді», – деп жазды Балаева.
Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юриф Аравин – «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, Композиторлар одағының мүшесі, профессор.
«Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарының мұрасына арналған бірқатар телерадио бағдарламаларын жасады. Қазақ фольклорына...