3 шілдеден бастап «Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады. Балаларға арналған туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы шығарған.
«2022 жылдан бері «Balapan» телеарнасынан үздіксіз шығып келе жатқан мультхикаяның алты маусымы да жоғары рейтинг көрсетті. Осыған орай, арнаның 15 жылдығы аясында анимациялық мультхикаяның толықметрлі нұсқасы әзірленіп отыр. Кинопрокатқа арналған жобаның жаңа маусымы жаңа оқиғаларға құрылған. Сондықтан, бұл отбасылық туынды тек балалардың емес, ересектердің де көңілінен шығады деген ойдамыз. Фильм жазғы демалыс бойы еліміздің 28 қаласындағы 80-ге жуық кинотеатрда көрсетіледі», – деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
«Тоқты мен Серкенің» режиссері және сценарий авторы – Батырхан Дәуренбековтың шығармашылық тобы...