Миллиардер Джеф Безосқа тиесілі Amazon компаниясы соңғы сәтте TikTok-тың америкалық бөлімшесін сатып алу бойынша ұсыныс жасады. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап, The New York Times жазады.
Әңгіме компанияның АҚШ-тағы барлық активін толық сатып алу туралы болып отыр. Басылым дереккөзінің айтуынша, Amazon ұсынысын АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Сауда министрі Говард Лютникке хат түрінде жолдаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясынан бөлініп, өзге меншік иесіне өтуі бойынша мәміле 5 сәуірге дейін аяқталатынын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, егер TikTok-тың қытайлық иесі белгіленген мерзімге дейін Қытайдан тыс сатып алушы таппаса, АҚШ-та бұғатталуы мүмкін.
АҚШ билігі ByteDance қолданушыларды...