Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында құны 500 млрд теңге тұратын электр-металлургия зауытының құрылысы басталды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, зауыт жылына 1 млн тонна сапалы болат өндіруге мүмкіндік береді. Онда мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің дамуына серпін береді.
Құрылыс басталғанын білдіретін капсуланы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев салды.
Бұған қоса, министр Екібастұзда бандаждау кешенінің бірінші кезегінің ашылуына қатысты. Нағаспаев саланың дамытудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Бұл өндіріс кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр: дөңгелектерді механикалық өңдеу басталса, қыркүйекте осьтерді, ал 2026 жылғы мамырда шентемір мен соғылған бұйымдарды өндіру көзделген.
Министр платформалар мен ашық вагондар үшін көміртект...