Ақтөбеде 11 айлық қызы мен 3 жасар ұлын өлтірген әйел адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі түрде арнайы емдеу орталығына жатқызылады. Осы іске қатысты Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.
Судьяның дерегінше, 29 жастағы әйел адам 11 айлық қызы мен 3 жастағы ұлды көпшікпен тұншықтырған. Олардың тыныс алу жолына қан құйылған. Сот сол сәтте анасында психикалық ауытқуы болған деп тапты.
«ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты есі дұрыс емес күйде жасаған Гүлжанат Дәулетбаева қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. ҚК 93-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес Гүлжанат Дәулетбаеваға жіті бақыланатын мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу...