Қазіргі қазақстандық балалар театры дәстүрлі пішінмен шектелмей, заманауи бағытта да қарқынды дамып келеді. Балалар театрының қазіргі бағыты мен дамуы туралы біз сарапшылардан сұрап көрдік.
Жаңа мәдени кеңістік
Театр сыншысы Ольга Малышева балалар театры иммерсивті, инклюзивті және мобильді сипатқа ие жаңа мәдени кеңістікке айналғанын айтады. Яғни театр бүгінде қызықты қойылым ғана емес, бала мен жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін қуатты құралға айналған.
«Қазіргі балалар үшін әсер алудың көптеген жолдары бар – спорт, кино, онлайн контент. Дәстүрлі театр оларға бәсекелес бола алмайтындай көрінуі мүмкін. Бірақ бүгінгі таңда театрдың жаңа түрлері бар: иммерсивті және инклюзивті қойылымдар...