«Қазгидромет» РМК 15 қазанға ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің батысында түнде -12 градусқа дейін күн суып, жаңбыр жауады деп болжануда.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -10-12°C, күндіз +4+6°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 3-8 м/с., түнде температура +4+6°C, күндіз + 14+16°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін, түнде ауа температурасы +7+ 9°C, күндіз + 24+26°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде ауа температурасы +9+11°C, күндіз + 18+20°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +13+15°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы...Жаңалықтар
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 14 қазан күні Almaty Open ATP 250 турнирінде көрерменге жаңа әнін шырқап берді.
Димаш Құдайберген Almaty Arena сахнасында Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының әндерін орындап, композитор ретінде өзінің «Самғау» атты жаңа туындысын таныстырды. Бұл ән осыған дейін Димаштың АҚШ-тағы және Мексикадағы концерттерінде ғана орындалған. Қазақ сахнасында алғаш тұсауы бүгін кесілді. Өнер көрсеткеннен кейін Димаш кеш жүргізушілерімен тілдескен.
«Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқандықтан және оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, мүмкіндігінше қарап, қолдау көрсетуге тырысамын. Әрине, өзімді аса қызу жанкүйермін деп айта алмаймын, бірақ үнемі болмаса...
Қарағандыда ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған блогер және модель Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша сот отырысы өтті.
«Қарағанды онлайн» басылымының хабарлауынша, сотталушы кінәсін толық мойындап, қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған сөздері үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған.
Мұхамадиеваның айтуынша, жазбаларды жариялаған кезде ол эмоционалды күйзелісте болған. Ол оқиға қарсаңында апатқа ұшырағанын және әжесі қайтыс болғанан кейін күйзеліске тап болғанын айтты.
Блогер қамауға алынғаннан бері 86 күн өткенін және осы уақыт ішінде кішкентай қызын көрмегенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, сотталушы тергеу изоляторында болған кезде Құран оқи бастаған. Оған жанында бірге болған тағы бір сотталушы Құран оқуды үйреткен.
«Ол маған...
Экономикалық сарапшы Айбар Олжай дәл қазір үй алуға, ипотека рәсімдеуге қолайсыз уақыт екенін ескертті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасына жазды.
Неге?
Сарапшы халықты 20%-дан асатын ипотекаға жоламауға шақырды. Себебі бұл ең қымбат өнім. Әрі аннуитетте болған жағдайда оны төлеп біту де мүмкін болмайды.
«Сосын дәл қазір үй алатын уақыт емес. Үй бағасы әлі күшіне енбеген, бірақ риелторлар мен брокерлер жан ұшыра қоздырып жатқан ҚҚС (Қосылған құн салығы) ажиотажымен сабын көбігі сияқты көпіріп өсті. Бір қызығы, ҚҚС қолданыста болған үйлерге еш қатысы жоқ дүние. Ал жаңа салынып сатылған үйлер еліміздегі баспананы алып-сату нарығының көп...
«Дикий Арман» лақапатымен белгілі Арман Жұмагелдиев апелляциялық сотқа шағым түсірген. Мәліметті «ҚазАқпаратқа» Алматы соты растаған.
Сот ақпарына сүйенсек, Жұмагелдиев бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген. Сот отырысы 14 қазанда Алматыда жабық режимде өткен.
Жұмагелдиевті не үшін соттады?
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстаған» деген күдікке ілінген. Бұл іске Жұмагелдиевтен бөлек, 43 адамның қатысы болған. Олардың қатарында Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.
Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды. 2025 жылдың шілдесінде...
Алматы халықаралық әуежайында Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағы жанармай көлігімен соқтығысқан.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлаған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 13 қазан күні түнде болған. Шамамен 01:25-те Алматыдан Астанаға ұшуы тиіс әуе кемесіне жанармай құйылған. Жанармай құюшы көлік тұрақтан шығу кезінде ұшақтың қозғалтқышын жанап өткен.
Арнайы инженерлік қызмет әуе кемесін дереу тексеріп, қозғалтқыш капотында аздаған сызаттар барын анықтаған. Қажетті техникалық шаралар жүргізілгеннен кейін, әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілген.
«Қазіргі уақытта әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті бұл оқиға бойынша жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз жолаушылар мен экипаждан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежайдағы қауіпсіздік — біздің басты басымдықтарымыздың бір...
75 жастағы қазақстандық Марат Пірімбетов классикалық шахматтан 2025 жылғы Азия чемпионатының 65+ жас санатындағы жеңімпазы атанды. Бұл жетістікке 75 жастағы алматылық спортшы Ирактың Эрбиль қаласында қол жеткізді.
2025 жылғы 5–13 қазан аралығында сеньорлар арасындағы классикалық және блиц шахматтан кезекті, яғни 14-ші Азия чемпионаты өтті. Онда 12 елден келген спортшылар екі жас санатында – 50 жастан жоғары (50+) және 65 жастан жоғары (65+) топтарда бақ сынады.
«65+ жас санатында барлығы 17 шахматшы, соның ішінде бір әйел – әйелдер арасында гроссмейстер (WGM), 50+ санатында үш дүркін әлем чемпионы (2011, 2012, 2015) Галина Струтинская (рейтингі – 2077, FIDE) қатысты...
Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерін Қазақстанда ұйымдастырған Альфия Нұрғұмарова енді елге әйгілі рэпер Эминемді (Маршалл Мэтерсті) әкелуді ойлап отырғанын айтты.
Izi TALK подкастына берген сұхбатында ол өзінің командасы 2026 және 2027 жылдарға арналған постер жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, шараларды ұйымдастыруға әншілердің кестесі мен арнайы концерт алаңдарын қарау керек екенін атап өтті.
«Біз қазір стадионға келесі жылға тапсырыс береміз. Бірнеше адамды жоспарлап отырмыз – 2026 жыл жоспарланған. Біздің имиджіміз өсіп келеді, бізге сенеді. Егер бұрын біз жай ғана ұсыныс жіберіп, күткен болсақ, енді кері байланыс аламыз», — деп атап өтті Нұрғұмарова.
Оның айтуынша, логистика...
«Курсив» ипотека беретін елдің ірі банктеріне сауал жолдады. Бізге келген ақпаратқа сәйкес, елдегі екі банк қана ипотека беруді жалғастырып келеді. Дәлірек айтқанда, Freedom BANK пен Отбасы Банктен ғана ипотека алуға болады. Өзге банктер базалық мөлшерлеме 18%-ға дейін көтерілгеннен кейін ипотека беруді тоқтатты.
Halyk Bank баспасөз қызметі стандартты ипотека бойынша өтінімдерді (банктің барлық ипотекалық бағдарламалары бойынша) қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта банк тұрғын үйді несиелендірудің баламалы бағдарламаларын іске қосуды дайындауда. Банк өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарлауға уәде берілді.
ForteBank базалық мөлшерлеменің өсуі әсерінен пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауға байланысты жаңа ипотекалық несие беруді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Жаңартылған ережелер зерттеулер аяқталғаннан...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуына орай өткен іс-шараға қатысты.
««Лукойл» – елімізде табысты жұмыс істеп жатқан беделді компанияның бірі. 1995 жылы Қазақстанға алғаш қадам басқан компанияның еліміздегі абырой-беделі зор деп айтуға толық негіз бар. Бұл – табанды еңбек пен терең жауапкершіліктің арқасы екені сөзсіз. Бұдан бөлек, «Лукойл» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайта түсуге мол үлес қосып жатыр», – деп бастады сөзін Тоқаев.
Ол кәсіпорынның қазақ жеріндегі қызметі «Құмкөл» жобасынан бастау алатынын еске салды. Компания Қазақстанның мұнай-газ саласына 12 миллиард доллардан астам қаржы салып...
Алматыдағы атақты Car City сауда орталығына иелік ететін Сar Сity жылжымайтын мүлік акционерлік инвестициялық қорының иелері 2024 жылдың қорытындысы бойынша 350 млн теңге дивиденд алады. Бұл туралы Қордың өзі таратқан ақпараттан білуге болады. Тиісті шешім 1 қазанда Алматыда өткен акционерлердің жалпы отырысында қабылданған.
«2024 жылдың 31 желтоқсанда Қордың таза табысының бір бөлігін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: 1) Қордың жай акцияларының барлық ұстаушыларына 350 000 000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуге қаржы жіберілсін», – делінген акционерлер қабылдаған шешімде.
Қордың қаржылық есебіндегі ақпаратқа сәйкес, оның акцияларының 51%-ы Mercury Properties ЖШС-на, 16%-ы Алина Қасымоваға, 15%-ы...
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов агроөнеркәсіп саласын Қазақстанның банктері қаржыландырғысы келмейтінін айтты. Оның сөзінше, ел үшін маңызды бұл сала – банк секторы үшін тартымсыз болып отыр.
Мәселені кім көтерді
Бұған дейін Айдарбек Қожаназаров бастаған бір топ депутат ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің 5% құрайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл салаға бөлінген несие көлемі небәрі 1,5%. Себебі «өтімді кепілдің жоқтығы».
«Алайда жер, мал, техника – нақты активтер. Егер банктер жердің құнын көрмесе – бұл нақты экономикадан алшақтап кеткенімізді білдіреді», – деген депутаттар екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын несиелеуге тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынған.
Атысты доғару туралы бейбіт келісімге қарамастан, 14 қазанда Газа секторында тағы да оқ атылды. Жергілікті билік кем дегенде алты адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Сектордағы атыс
Газа секторында «соғыс аяқталғаны» жарияланғалы бері алғаш рет оқ атылды. Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілдері Газада «сары сызықтан» өтіп кеткен бірнеше адамға оқ атқанын айтты. Мұндай сызық Ақ үйдің атысты доғару жөніндегі картасында көрсетілген. Израиль әскері сектордан осы бағытпен шығуы керек. Атыс Газаның солтүстігінде болған.
Израиль жағы күдіктілер талапты орындамай, жауынгерлерге жақын келгенін, сондықтан әскерилер оқ атқанын алға тартып отыр. Бұған қоса, ЦАХАЛ Газа тұрғындарына келісім шартынды...
Chery жаңа флагмандық Fulwin T11 жол талғамайтын көлігіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Бұл гибрид өлшемі жағынан Li Auto (LiXiang) L9 моделіне жақын және салоны да соған ұқсайды. Кроссовер төрт түрлі жинақтамада ұсынылады. Бағасы 200 мың юаньнан басталып, жоғарғы нұсқасы 265 мың юаньға дейін жетеді (шамамен 15,1–20 млн теңге).
Carnewschina мәліметінше, Fulwin T11 Chery-дің дәстүрлі дизайн стилінен ауытқымайды. Жол тағамайтын көліктің өлшемдеріне келер болсақ, ұзындығы — 5205 мм, ені — 1998 мм, биіктігі — 1800 мм, ал доңғалақ базасы — 3120 мм. Радиатор торы жабық, тік сызықтармен безендірілген. Астыңғы жағында енін түгел қамтыған ауа тартқыш орналасқан, ал оның шетінде...
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов ведомствоаралық кеңес өткізіп, Талғар ауданның жаңа прокуроры Жайнарбек Мыңбаевты таныстырды. Жаңа басшының құзырлы органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар.
Прокурордың алдында аудан көлемінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту деген міндет тұр.
Облыстық прокуратура дерегінше, жыл басынан бері Талғар ауданындағы қылмыс деңгейі 17%-ға төмендеді (1661-ден 1369 дейін). Тек қыркүйек айында ғана құқық қорғау органдары 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 25 қылмысты ашты және екі іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
Жаңа оқу жылынан бастап ауданда «Заң мен тәртіп» атты азаматтық тәлімгерлік пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаға 10 мектеп пен 3 колледж қатысады...
Alatau City Bank иесі және Kaspi.kz компаниясының тең иеcі Вячеслав Ким телекоммуникация нарығындағы үлесін айтарлықтай арттырды. «Ручная экономика» телеграм-арнасының хабарлауынша, ол 6 қазан күні Ғалымжан Есеновке тиесілі болған KC Holding Ltd компаниясын толықтай сатып алды. Бұл компанияның иесі ауысқаны AIFC (МФЦА) жария реестрінде де тіркелген.
KC Holding Ltd құрылымы арқылы Есеновке Kcell компаниясының 14,87% немесе шамамен 29,7 млн қарапайым акциясы тиесілі болған. Осылайша, енді бұл үлес Кимнің меншігіне өтті.
Бұдан бөлек, Вячеслав Кимге Alatau City Bank арқылы Kcell акцияларының 9,08%-ы немесе 18,2 млн қарапайым акциясы тиесілі. Нәтижесінде ол Kcell компаниясының шамамен 23,95% акциясын, яғни төрттен біріне жуы...
Маңғыстау облысы халықаралық BBC арнасының жаңа бейнематериалының басты кейіпкеріне айналды.
«The alien lands once hidden beneath the ocean» («Мұхит түбіне жасырынған тылсым жерлер») атты бейнеролик BBC Reel платформасында жарияланып, өңірдің бірегей табиғаты мен геологиялық тарихына арналған.
Материалда Маңғыстаудың миллиондаған жыл бұрын ежелгі мұхит түбінде қалыптасқан үстірттері, шатқалдары мен жартастары бейнеленген. Түсірілім авторлары қазіргі Батыс Қазақстан аумағының ежелгі теңіз түбі болғанын атап өтіп, бұл өңірдің табиғи бедері өзге ғаламшар ландшафтына ұқсайтынын айтады.
BBC бейнематериалында сондай-ақ Маңғыстаудың мәдени және туристік әлеуеті кеңінен таныстырылған. Табиғаттың әсемдігі, тарихи мұра және дәстүр үйлескен бұл аймақ соңғы жылдары шетелдік саяхатшылар арасында ерекше қызығушылық тудырып келеді.
16 қазан күні Қазақстанда теле- және радиохабар тарату 14 сағатқа тоқтатылады. Хабар тарату сағат 3:00-де өшіріліп, 17:00-де қайта қосылады деп хабарлайды Қазтелерадио.
«2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады», – деп жазылған компания хабарламасында.
Бұл – тоқсан сайын өтетін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар. «Қазтелерадио» мамандарының түсіндіруінше, үзіліс телерадио хабарларының сапасын жақсарту үшін қажет. Осы уақытта техникалық құралдар да жаңартылып, қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Семейде қала басшысы сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Әділет Қожанбаевтың қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.
Айта кетейік, 12 қазан күні Семей қаласында еліміздегі алғашқы облыс орталығы деңгейіндегі әкім сайлауы басталған еді. Бастапқыда сайлау науқанына төрт кандидат қатысты. Алайда 7 қазан күні Қанат Шапатов Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайының басшысы әрі қалалық мәслихат депутаты жеке себептермен өз кандидатурасын қайтарып алды. Осылайша, бюллетеньде үш үміткер қалды. Сөйтіп облыс орталығы басшысы сайлау арқылы алғаш рет айқындалды.
Жаңа әкімнің өмірбаяны
Әділет...
Alphabet Inc. құрамына кіретін америкалық Google компаниясы алдағы бес жыл ішінде Үндістанның оңтүстігінде деректер орталықтарын салуға 15 млрд доллар жұмсайды. Бұл туралы Google Cloud басшысы Томас Куриан CNBC-ге мәлімдеді.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде АҚШ-тан тыс ең ірі жасанды интеллект хабы құрылмақ. Оның жалпы қуаттылығы 1 гигаваттқа жетеді.
Андхра-Прадеш штатының адам ресурстарын дамыту министрі Нара Локештің айтуынша, осы жоба үшін бір жыл бойы белсенді келіссөздер жүргізілген. Ол мұны «тек бастамасы ғана» деп атап өтті.
Үндістанның Economic Times басылымы бұған дейін инвестицияны Google-дың жергілікті бөлімшесі Raiden Infotech жүзеге асыратынын хабарлаған. Компания Вишакхапатнам қаласында үш кампус салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Google Қазақстанда...
2024 жылы Ұлттық банк (ҰБ) басшылығындағы отыз шақты адамға шамамен 1,7 млрд теңге сыйақы төленді. Топ-менеджерлердің табысы бір жылда 23%-ға көбейді.
Сыйақы мен жалақы
Қазақстанның қаржы нарығын реттеуші орталық мекеме – Ұлттық банк былтыр басшылық құрамындағы бір топ менеджерге 1 692 435 000 теңге төледі. Осындай мәлімет қадағалаушы мекеменің 2024 жылға арналған қаржы есебінде жарияланды.
«2024 жылы Қазақстан Ұлттық банк Басқармасының және Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы 1,692,435 мың теңге болды. Сыйақыға жалақы мен басқа да төлемдер қосылған», – делінген жылдық есепте.
Осылайша, қадағалаушы мекеме басшыларының табысы бір жылға 22,8%-ға артты. Өйткен...
Алдағы үш жылдық республикалық бюджет жоспарына сәйкес, 2026-2028 жылдары Ұлтты қордан нысаналы трансферт алмайды. Тек жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт бөлінбек.
Кейінгі жылдары Ұлтты қордан кемі 4-5 трлн теңге шығарып келген үкімет алдағы жылдары бюджет тапшылығын қалай жабады? Мәселен биыл қордан 2 трлн теңге – кепілдендірілген, 3,25 трлн теңге кепілдендірілген трансферт алынады.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, келер жылы бюжет экономикалық өсім мен салықтың артуы есебінен толығады.
«Біріншіден, 2025 жылмен салыстырғанда келер жылы макроэкономикалық өсім есебінен бюджетке қосымша 1,5 трлн теңге түсуі керек. Екіншіден салық мөшерлеменің көтерілуі есебінен қазына...
Бүгін 14 қазан күні Алматыда өткен баспасөз конференциясында Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелдиев UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Пафос» матчы алдындағы дайындық туралы айтып берді.
Атагелдиевтің айтуынша, билеттердің бағасын «Қайрат» футбол клубы өзі белгілейді. Ticketon тек ресми оператор қызметін атқарады, яғни билеттердің техникалық сатылым жүйесін қамтамасыз етеді.
Баға саясаты клубтың құзыретінде. Матч деңгейі мен сұраныстың жоғары болуына байланысты клуб бағаны өз стратегиясына сай қояды.
Алыпсатарлардан қорғау
Бұған дейін кей матчтарда билеттер жаппай қайта сатылғандықтан, бұл жолы Freedom SuperApp және Kairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылым жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл жүйе бір адамны...
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режиміне арналған «тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі» бойынша онлайн-талқылау мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында мерзімді ұзартуға ұсыныстар мен ескертулердің көп түсуі себеп болғанын айтты.
«Талқылау мерзімі 16-сына дейін ұзартылды – бұл Әділет министрлігінің шешімі. Себебі өте көп ұсыныс пен пікірлер келіп түсті. Менің білуімше, бүгінгі күнге дейін 800-ден астам ұсыныс пен ескерту жолданған. Сондықтан 16-сына дейін талқылау жалғасады. Біз әр ұсыныс пен ескертудің барлығына жеке жауап жазамыз», – деді Азамат Әмрин.
Вице-министрдің айтуынша, қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жекелеген ОКЭД...