Сейсенбі, 14 қазанда елімізде солтүстігінде күн күрт суынып, бағам -10 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -7-9°C, күндіз +2+4°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 3-8 м/с., түнде температура +5+7°C, күндіз +15+17°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін, түнде ауа температурасы +7+ 9°C, күндіз +24+26°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-18 м/с дейін, түнде ауа температурасы +13+15°C, күндіз +18+20°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, жел 6-11 м/с, түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +16+18°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., ауа температурасы түнде + 10+12°C, күндіз...Жаңалықтар
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 139 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Бұл туралы ҚазТАГ-қа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтып берген.
“Тоғыз айда 432 кәмелетке толмағандар өз-өзіне қол жұмсады, олардың 139-ы қайтыс болды. 293-і әрекет жасаған», – деді Әділов.
Себептері
Министрлік кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің себептерін талдап, бастысы – отбасы ішіндегі жанжал деген қорытындыға келген. Сонымен қатар балалардың 62%-ы материалдық жағдайы жақсы отбасылардан шыққан.
«Біз талдаған бірнеше себептер – мейірімнің болмауы. Тіпті ата-аналардың ұялы телефондарды ұзақ уақыт қолдануға тыйым салуы да себеп болуы мүмкін...
Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында 20-дан астам елдің басшыларының қатысуымен Халықаралық «бейбітшілік саммиті» өтуде. Онда АҚШ, Түркия, Мысыр мен Қатар «Газадағы соғысты аяқтау туралы келісімге» қол қойды.
Декларацияға қол қойылды
Палестина мен Израиль арасындағы делдал елдердің өкілдері Газа секторында атысты тоқтату туралы Декларацияға қол қойды. Осылайша Израиль мен ХАМАС террористік тобы арасындағы келісім ресми күшіне енді. АҚШ, Түркия, Мысыр мен Қатар осы келісімнің кепілді өкілдері болды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, декларацияда екі жыл бұрын басталған Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты аяқтау жолындағы одан әрі қадамдар туралы «ережелер» белгіленген. Трамп бұл күнді «бүкіл әлем мен Таяу Шығыс...
3 қарашада Home CREDIT BANK акционерлері жалпы жиналыс өткізеді. Күн тәртібінде –Директорлар кеңесінің құрамы мен банк атауын өзгерту туралы мәселе тұр.
Home Credit Bank AIX биржасында Банктің Директорлар кеңесі 3 қарашада акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізетінін жариялады. Акция иелері директорлар кеңесін өзгерту, сондай-ақ банктің атауы мен қайта тіркелуі туралы мәселелерді қарайды.
«Курсив» Home CREDIT Bank баспасөз қызметінен оның атауын өзгерту немен байланысты екенін сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында ForteBank Home Credit Bank акцияларының 26,8% сатып алғанын хабарлады. Бұған дейін ҚНРДА Болат Өтемұратов пен ForteBank-тің Home CREDIT Bank-тің ірі акционерлері болуын мақұлдаған болатын.
ҚазАвтожол бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасап, жүргізушілерді сақтандырды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақыттарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
«Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз», – делінген компания хабарламасында..
Бұдан бөлек, компания жүргізушілерді дөңгелектердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Көктайғақ кезеңі басталғандықтан, көліктегі жаздық шинаны қыстыққа ауыстыруға ұсынған.
Компанияның жүрзушілерге арналған жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты...
Экология министрлігі «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде суға түскен Телеграмм желісінің иесі, миллиардер Павел Дуровты жазаламайтынын мәлімдеді.
Мәселенің мәні
Қазақстандағы технологиялық форумға қатысу үшін келген Павел Дуров Алматы облысындағы ерекше қорғалатын аймақ «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі көлдердің біріне суға түсіп, оның видеосын өзінің желідегі парақшасына жариялаған. Ел ішінде арнайы аймақта суға түскен Дуровты жауапкершілікке тарту туралы сөз қозғалып, Экология министрлігі қызметтік тексеру жүргізген.
Дуров неге жазаланбайды?
Тексеруден кейін Экология министрлігі оқиғаны «кездейсоқ орын алған жағдай» деп бағалап, оның «аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпегенін жазды.
«Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, Көлсай-2 көлін...
Қазақстан тестостероны ең жоғары азаматтар Қызылорда облысында тұрады. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Қай өңірде тестостерон жоғары?
Басылымның жазуынша, рейтингтің көшбасшысы Қызылорда, өңірде тестостеронның орташа деңгейі 5,45 нг/мл құраған. Екінші орында – Қостанай (5,07), үшінші орында – Ақтөбе (4,89), төртінші орында – Астана (4,89), бесінші орында – Ақтау (4,88).
Жалпы ел бойынша тестостеронның орташа деңгейі 4,57 нг/мл құраған. Елдегі ең төменгі көрсеткіш Таразда тіркелген – 3,54 нг/мл.
Тестостерон неліктен маңызды?
Тестостерон деңгейі ерлер денсаулығының маңызды белгісі. Оның жоғары болуы физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, жаман әдеттерден бас тартуға және психиканың жайлы болуына байланысты.Бұл гормоналды...
13 қазан күні сағат 16:30 шамасында Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы уақытша сөндірілді. Бұған «KEGOC» АҚ балансындағы «Солтүстік–Оңтүстік–Шығыс» транзитінің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуі себеп болған, деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы».
KEGOC диспетчерлік қызметінің мәліметтері бойынша, төтенше жағдай режиміне байланысты жалпы қуаты 120 мегаватт болатын электр қуатын шектеу енгізілді.
Оның ішінде Алматы қаласы бойынша — 40 МВт, Алматы облысы бойынша – 80 МВт, соның ішінде:
Журналист Қанат Тілеухан режиссер Болат Атабаев жайлы деректі фильмді жарыққа шығарды. Фильмде Атабаевтың туыстары, достары, шәкірттері мен оның шапағатын көрген қарапайым адамдар естеліктерімен бөлісті.
Фильмді Қанат Тілеуханның Youtube арнасынан көруге болады. Онда Атабаевтың бала кезінен бастап өнердегі жолы, қайраткерлік ісінен бастап Германияға қоныс аударуы баяндалады.
Фильмде Болат Атабаевтың көзі тірісінде Қанат Тілеуханға берген сұхбаты мен театр жастарымен кездесуі көрсетіледі.
«Әртіссіз режиссер ешкім емес. Әртіс болмаса, сен нөлсің. Сені сахнаға алып шығатын әртіс. Сенің «позорыңды» әртіс шығарады. Сондықтан, жігіттер, жаспыз әрі алда демеңдер, өмір өтеді де кетеді. Қазірден бастап қайраткерлік деңгейге көтерілу керек. Өтірікті қою...
Ақтаулық режиссер Қанат Майлыбаев жасанды интеллект көмегімен алғашқы қазақтілді фильмді жария етті. Алмаз атты туындыны YouTube желісінен көруге болады, деп хабарлайды Lada.kz.
Автордың айтуынша, фильм Оңтүстік Кореялық экшн жанрындағы фильмдерге ұқсайды. Мұндай жобаны құру идеясы AI көмегімен жасалған шетелдік фильмдерді көргеннен кейін туындаған.
«Қазақ тілінде фильм жасауға тырыстым. Көрермендерге ұнайды деп сенемін, олар жобаны қолдайды деген ойдамын»лайктар мен пікірлермен қолдайды», – дейді Қанат Майлыбаев.
Айта кетейік бұған дейін жасанды интеллект көмегімен алғашқы қазақстандық анимациялық мультфильм жарық көрген.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың бауырының қызы Ләззат Нұрғожаеваға ұсыныс жасағаннан кейін, басы дауға қалған Афтандил Сабырбековке Қырғызстан соты үкім шығарды.
Үкім не үшін шығарылды?
Бішкек қалалық Первомай аудандық сотының шешіміне сәйкес Сабырбеков қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып 2,5 жылға сотталды. Алайда тергеу изоляторында жатқан күндері есептелгеннен кейін сот залынан босатылды. Оның ағасы Тариэль Сабырбеков тергеуге кедергі жасағаны үшін 2 жылға сотталғанымен, ол да изоляторда отырған күндері есебінен бостандыққа шықты.
Қырғыз президентіне қандай қатысы бар?
Айта кетейік, 2024 жылы жазда Афтандил Сабырбеков Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ләззат Нұрғожаеваға үйленуге ұсыныс жасаған. Оқиға дауға...
2000-жылдардағы рейтиңі жоғары тележобалардың бірі Superstar болған. Бұл ән байқауына қатысып, финалға дейін жеткендер кейін шынымен супер жұлдызға айналды. Өнерімен тамсандырған сол кездегі жас әншілер қазір орта жасқа таяп қалды. Кейбірі жеке кәсіппен айналысып жүр, сахнадан әлі түспегендері де бар. Өкінішке қарай, ғұмыры үзілгендері де жоқ емес. 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған мегажобаның қатысушылары қазір қайда жүргенін Kursiv.Media тілшісі тізіп шықты.
Алмас Кішкенбаев
Көрермен назарына бұл жоба 2003 жылы ұсынылды. Сол алғашқы маусымда Алмас Кішкенбаев топ жарды. Ақтық сында ол Роман Киммен бас жүлдеге таласқан еді. Негізі бұл лек қатысушыларының ішінде жұлдызы жанған әнші аз емес. Олай...
2025 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 88 мыңға жуық үйлену тойы өтті. Kursiv LifeStyle қазақстандықтардың қай жерде көп некеге тұрғанын анықтады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы елімізде тіркелген некелер саны бойынша қай өңірлер көшбасшы болғанын жариялады.
Бірінші орында – Алматы, осы жылдың тоғыз айында 14 254 жұп некесін заңдастырған. Екінші орында – Астана, елордада ресми түрде 10 142 неке тіркелген. Үшінші орында Түркістан облысы – 6 687 неке.
Шымкент (5 570) және Қарағанды облысы (5 394) бестікті түйіндеді.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде ажырасу саны азайып, 8 айда 78 мың неке қиылып, 227 мыңға жуық сәби өмірге келгенін хабарлағанбыз.
Қазақстанда мұра ретінде тек мүлік емес, оның қарызы да жиі қалатын жағдайлар көбейіп келеді. Азаматтар пәтер мен банктегі қаражатпен қатар, марқұмның несиесі, коммуналдық төлемдер бойынша берешегі мен басқа да қаржылық міндеттемелеріне де жауапты болатынын білмей жатады. Мұндай жағдайда не істеу керек, нені ескерген жөн?!
Мұрагерлік мерзімі
Fingramota.kz мәліметінше, мұрагерлік адамның қайтыс болған күнінен бастап ашылады. Сол күннен бастап мұрагердің нотариус арқылы мұраны қабылдау немесе одан бас тарту үшін алты ай уақыты бар.
Егер бұл мерзім өтіп кетсе, құқықты тек сот арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Ол үшін ауру, шетелде болу немесе адамның қайтыс...
Қазақстан – инвестициялық тартымдылығы жағынан шетел инвесторларын қызықтыратын мемлекеттердің бірі. Мұнайға ақша салатын Батыс елдерінен бөлек, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея елдері де жыл сайын салған инвестиция мөлшерін арттыруға тырысып жатыр. Kursiv.media осы ретте Ұлттық банктің ресми есебіне сүйене отырып, облыс әкімдіктері инвестиция тарту жағынан қалай жұмыс істеп жатқанына үңіліп көрді.
Қазақстан Ұлттық банкінің дерегінше, соңғы бес жыл ішінде инвестициялардың негізгі бөлігін Нидерланд құйып жатыр. Бұл елдің Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі 30,3 млрд долларды құрайды. Екінші орында – Ресей (11,7 млрд доллар), ал одан кейін Америка Құрама Штаттары (10,3 млрд доллар) орналасқан.
Өңірлердің көрсеткіштері
Алдымен...
Құрақшы-блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы дау бойынша сотқа филолог шақырылатын болды. Бұл туралы азаматтық істі қарап жатқан судья қаулысында айтылған.
Осылайша сот процесі кейінге қалды.
Бұған дейін кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі талап арыз берушінің жауапкермен бейбіт келісімге келуге қарсы емес екенін мәлімдеді.
«Жауапкер талап арыз беруші қойған талаптарды, яғни міндеттемелерді орындаған жағдайда бітімге келуге дайынбыз. Бұл талаптарға мыналар кіреді: 500 000 теңге сомасында қалған төлемді өтеу және менің сенім білдірушімнің беделіне зиян келтірген мәлімдемені бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығару. Осылар орындалған жағдайда біз мен көрсетіп отырған заңгерлік көмек үшін өтемақы өндіруден бас...
Мәскеу Еуропа шекараларының «мығымдығын тексеруге» дайын әрі бұл кез келген уақытта болуы мүмкін. Бұл туралы Германияның Федералдық барлау қызметінің (BND) басшысы Мартин Йегер мәлімдеді деп жазады Bloomberg.
«Ресей ниетін жасырғанымен, шын мәнінде біздің шекарамызды сынап көруге ұмтылып жатыр. Қазір Еуропадағы жағдай – ең жақсы дегенде «суық бейбітшілік», ол кез келген сәтте «қақтығысқа» айналуы мүмкін. Біз жаңа эскалацияға дайын болуымыз керек», – деді ол Бундестагтағы Германия барлау қызметі басшыларының жыл сайынғы ашық тыңдалымында.
Бұған дейін Украинадағы Германия елшісі болған Йегердің айтуынша, НАТО-ны әлсіретуге, қоғамды қорқытуға бағытталған гибридтік шабуылдар қазір «жаппай сипатқа» ие.
2025 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан төлем балансының ағымдағы операциялар шоты 3,9 млрд доллар көлемінде тапшылықпен қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1,9 млрд доллардан екі есе көп. Ұлттық банк дерегінше, мұндай теріс нәтиже негізінен экспорттың қысқаруы және импорттың артуынан туындады.
Ағымдағы есепшот (ағымдағы операциялар шоты) – бұл елдің төлем балансының негізгі бөлігі. Ол белгілі бір кезеңде (бір жыл немесе жарты жылда) аталмыш ел мен шетел арасындағы тауар, қызмет, табыс және басқа да трансферттер бойынша бүкіл ақшалай ағынды көрсетеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, ағымдағы есепшот – бұл елге қанша ақша кіріп, қанша қаржы сыртқа шыққанын көрсететін «шот». 2025 жылдың 6 айында...
Әлемге танымал классикалық жаңа жылдық «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі қайта оралады.
Фильмнің басты кейіпкері Кевин Маккалистердің рөлін сомдаған актер Макаулай Калкин бала кезіндегі рөліне қайта оралмақ. Бала кезінде ұрылармен күресіп, күллі әлемге танылған Кевин енді ересек өмірінде тағы да отбасылық үйді қорғауға мәжбүр болады. Бұл жолы қарсыластары жаңа заманауи ұрылар.
Ностальгия мен жаңа оқиғаларды біріктірген «Home Alone 4: Kevin’s Return» көрерменге күлкі мен жылылық сыйлап, әйгілі тарихты жаңа буынға қайта әкелмек.
Альфред Нобель атындағы сыйлықтың экономика бойынша иегерлері анықталды. Швед корольдік ғылым академиясы Джоэл Мокир, Филипп Агион және Питер Ховитт үштігін жеңімпаз деп таныды.
Ғалымдар жаңа технологиялардың көмегімен экономиканы жоғары деңгейде ұстап тұру жолдарын зерттеген. Джоэл Мокирдің зерттеуі көрсеткендей, бір инновациядан кейін екінші бірі пайда болуы үшін «ненің қалай жұмыс істеу керектігін ғана емес, неге бұлай екеніне ғылыми анықтаманың да болуы қажет».
Бұған қоса, ғалым қоғамның жаңа идеяларға ашық, өзгерістерге дайын болуы маңызды екенін айтқан. Сонда ғана мұндай қоғамда өрлеу болады.
Филипп Агьон мен Питер Ховитт те тұрақты экономикалық даму негіздерін зерттеген. Нарыққа жаңа әрі жетілген өнім шыққан уақытта, ескісін...
Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында болған қайғылы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Басты күдіктіге Қылмыстық кодекстің 12 бабы бойынша айып тағылған. Бұл туралы қылмыстық істе жәбірленуші тараптың құқығын қорғайтын адвокаттар Асылбек Әбдірайымов пен Жандос Палманов хабарлады.
Қылмыстық іс қозғалды
Адвокаттардың хабарлауынша, қылмыстық істе үш күдікті бар. Басты күдікті Е. қылмыстық кодекстің 12 бабы бойынша айыпталып отыр:
99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (адам өлтіру) 125-бабы 3-бөлігі 2-1-тармағы (адамды ұрлау) 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) 121-бабы 1-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмiрге қолсұғылмаушылық туралы заңнаманы бұзу) 149-бабы 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) 115-бабы (қорқыту) 287-бабы...«Қайрат-Реал» ойыны барысында қымбат бағаға билет сатып алып, алыпсатарларға алданған азаматтарға ІІМ қандай көмек көрсетеді? Елдің қалтасын қағып жүрген делдалдар жауапкершілікке тартыла ма? Бұл сұрақтарға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жауап берді.
Сәденов журналистің алыпсатарларды полиция бақыламайды деген сөзімен келіспеді. Ол қарамағындағы әріптестерін қорғап, олардың жұмысына теріс баға бермеуге шақырды. Алаяқтармен түбегейлі жұмыс жасалып жатыр деп сендірді.
«Дегенмен арасында құтылып кетіп жатқандар да болады. Бірақ біздің принцип қылмыс жасалды ма, оның түбіне дейін жетеміз. Матч туралы айтсақ, жалпы кейбір азаматтардың мәдениеті. Өкінішке орай ондай фактілер де болды», – деп мәлімдеді миинистр.
Министрдің айтуынша матч кезінде заңсыз...
Қазақстан банктері ипотека беруін уақытша шектеп жатыр. Өйткені базалық мөлшерлеме 18%-ға көтеріліп, ал 1 қарашадан жылдық тиімді сыйақыны 20 пайыздан асырмау туралы талап күшіне енуі тиіс. Осы ретте Threads желісінде азаматтар банктер ипотека бермей, тіпті алдын ала мақұлданған несиені рәсімдемей жатқаны туралы жазып жатыр.
Мұндай жағдай Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін орын алды. Сарапшылар негізгі көрсеткіштің қымбаттауын «қаржы нарығы үшін ауыр соққы» деп бағалап отыр.
Жылжымайтын мүлік саласының сарапшы Қайрат Қожановтың айтуынша, Халық банк, Банк ЦентрКредит пен RBK Bank ипотека беруін тоқтатқан.
«Қазір Халық банк ипотеканы тоқтатты. Басқа банктер де «одобрение...
Еуразия тұрақтылық және даму қоры Қазақстан экономикасының негізгі тетіктеріне қатысты болжамын жариялады. Ұйым 2025 жылдың аяғы, 2026 жылдың басында инфляция шарықтау шегіне жетеді деп болжайды.
Қазақстандағы инфляция
Ұйым жыл аяғы мен жаңа жылдың басында инфляцияның күшейюін қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің ұлғаюымен, теңгенің әлсіреуімен байланыстырып отыр. 2025 жылдың аяғында Қазақстанда инфляция көрсеткіші 11,7% шамасында болады деп болжанды. Ал одан кейінгі жылдары ол біршама түседі, бірақ сонда да Еуразия экономика одағына (ЕАЭО) мүше басқа да елдерге қарағанда жоғары болады.
Ұйым сарапшыларының пікірінше, инфляцияның жоғары болуына байланысты Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жұмсартпайды. Бірақ 2026 жылдан бастап орташа...