Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режиміне арналған «тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі» бойынша онлайн-талқылау мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында мерзімді ұзартуға ұсыныстар мен ескертулердің көп түсуі себеп болғанын айтты.
«Талқылау мерзімі 16-сына дейін ұзартылды – бұл Әділет министрлігінің шешімі. Себебі өте көп ұсыныс пен пікірлер келіп түсті. Менің білуімше, бүгінгі күнге дейін 800-ден астам ұсыныс пен ескерту жолданған. Сондықтан 16-сына дейін талқылау жалғасады. Біз әр ұсыныс пен ескертудің барлығына жеке жауап жазамыз», – деді Азамат Әмрин.
Вице-министрдің айтуынша, қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жекелеген ОКЭД...