Қуаты 2,62 ГВт болатын Екібастұз МАЭС-3 көмір салу жөніндегі тендерлік комиссия GCL&Integra Energy Ltd. жеке компаниясын тендердің жеңімпазы ретінде тану туралы хаттаманы Үкіметке жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Комиссияның шешімі
«Электр энергиясы туралы заңның 15-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес, қайта тендер өткізілмеді деп танылуына байланысты және тендерлік құжаттамаға сәйкес келетін бір ғана қатысушыдан тендерлік өтінім берілуіне байланысты уәкілетті орган осы қатысушыны айқындау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберуі қажет», – делінген құжатта.
Тендерге барлығы екі өтінім түскен. Бірінші өтінім «Сан Мир Астана» ЖШС-нен келген. Бірақ бұл компания тендер шарттары бойынша қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған (ол...