ЕуроОдақ елдерінің елшілері Ресейден мұнай мен газ импорттауға тыйым салу жөніндегі Еурокомиссия жоспарын мақұлдап, оны сыртқы істер министрлеріне қарауға жіберді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл мәселе 20 қазанда ЕО сыртқы істер министрлерінің отырысында талқыланады.
Негізгі мақсат — 2028 жылға дейін Ресей энергия ресурстарынан бас тарту
Құжатқа сәйкес, барлық ЕО елдері, оның ішінде Ресеймен энергетикалық тұрғыда тығыз байланысты Венгрия мен Словакия, ұлттық жоспарын жасап, ресейлік мұнай мен газдан біртіндеп бас тартуы тиіс. Бұл үшін Еуропалық заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
Алғашқы ұсыныс бойынша толық бас тарту мерзімі 2028 жыл деп белгіленген, бірақ Bloomberg дерегінше, кей елдер бұл процесті 2027 жылдың басына дейін жеделдетуді талқылаған...