Шымкент қалалық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке 5 рет оқ атып, жаралаған Ернар Жиембайға қатысты үкімге келіспей екі тараптың түсірген апелляциялық шағымдарын қарай бастады. Бұған дейін сот Жиембай «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танып, 9 жылға сотталған еді.
Сотқа сотталушы Жиембай айдауылмен жеткізілді. Сот бірінші сөзді жәбірленуші Берденовтің қорғаушысы Тынысбек Жеңіске берді. Бұл жолы да сот отырысына Берденов келмеді.
«Тергеу және сот тергеуінде сотталушы Жиембай Берденов кабинетіне шақырып алып, қаматамын, соттатамын дегенін айтты. Бірінші сатыдағы сот бұл сөздеріне мән берген жоқ. Біздің ойымызша, аталған уәждер оқ атуға негіз болған. Атқан кезде дене жарақатын салған...