Төтенше жағдай кезінде әкімдерге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау өкілеті берілді. Бұл туралы Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көрсетілген. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Заң арқылы Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізіледі.
Түзетулердің бірінші блогы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған.
Орман өрттеріне жедел ден қою мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды өрт сөндіруге тарту...