WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өтетін уақытты жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Қазақстандық спортшы Instagram парақшасында Кроуфордпен кездесу шынайы жоспарға айналып келе жатқанын мәлімдеді.
«Бокс жанкүйерлерін бейжай қалдырмайтын жаңа жекпе-жек күтіп тұрған сияқты — Әлімханұлы мен Кроуфорд! Бұл жекпе-жек жайлы бәрі айтып жүр, егер бәрі сәтті болса, ол келесі жылы өтуі мүмкін. Меніңше, мықтылар мықтылармен кездесуі керек», — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.
38 жастағы Теренс Кроуфорд үш түрлі салмақ дәрежесіндегі абсолютті әлем чемпионы (42-0, 31 КО). Ол тарихта әлемн...