Кей адамдардың инвестиция салғанда келісімдері үнемі сәтті іске асып жатады. Олар ақшаны қайда салған жақсы екенін, қай келісімнен пайда таппайтынын біліп тұрғандай сезіледі. Ондайда «осының көріпкелдігі бар-ау» деп қалуыңыз мүмкін. Шынында, олар тәуіпке барып сұрамайтыны анық. Өзінің де магиялық қабілеті жоқ. Бар мәселе — қаржылық интуицияның мықтылығында. Яғни ол адам қаржы саласын жақсы біледі, әбден «көріпкел» болып алған. Ондай интуицияны қалай дамытуға болады және ол қалай қалыптасады деген мәселені талдап көрейік.
Қырағылықты қалыптастыратын — әмияныңыз
Қаржылық интуиция деп ұзақ уақыт есептеп, бәрін саралап барып қабылдайтын шешімді айтпайды. Ол — іштей «осы дұрыс» деп тұратын сезім. Мұны мистикаға балауды...