Қазақстанда рекордтық табыс жинаған отандық «Патруль» комедия франшизасы енді Ресей нарығына шықты. 26 маусымнан бастап көрермендерге ұсынылған жаңа бөлім «Патруль. Миссия Тамби» деп аталады. Бұл — Ресей аудиториясы үшін арнайы қайта өңделіп жасалған нұсқа. Фильмге ресейлік танымал әзілкеш, шоумен Тамби Масаев арнайы шақыртылып, басты кейіпкерлермен бірге түсірілімге қатысты.
Қазақстандағы нұсқасы — «Патруль. Соңғы бұйрық»
Бұған дейін фильмнің Қазақстанда көрсетілген нұсқасы «Патруль. Соңғы бұйрық» деп аталды. Бұл нұсқада оқиға Абай облысында өрбиді. Ел Президенті өңірге сапармен келмек, ал жергілікті полиция қызметкерлеріне кортежді ұйымдастыру міндеті жүктеледі. Бірақ бөлімде тәртіпке салғырт қарайтын кейіпкерлер жетіп артылады — Серік, Олжас, Медет, Еділ...