BCC Invest сарапшылары 10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме 25–50 базистік пунктке көтеруі мүмкін деп болжайды. Бұл шешім қыркүйек-қазан айларындағы инфляциялық қысымның сақталуына және теңге бағамының әлсіреуіне байланысты шығарылуы ықтимал.
Экономикалық шолуда келтірілген базалық сценарийге сәйкес, жыл соңына дейін инфляция артады: қазан айында 12,8%-ға дейін өсіп, желтоқсанда 12,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Сарапшылар базалық мөлшерлеме жыл соңына қарай 17%-ға дейін көтеріледі деп есептейді.
Сонымен қатар BCC Invest теңге бағамына қатысты үш сценарий ұсынады: оптимистік, базалық және пессимистік.
Пессимистік сценарийде доллар күшейіп, импорт артып және квазимемлекеттік сектордың шетелден табысы азаюы салдарынан теңге бағамы күзде 556–565 теңге аралығында қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда...