Вьетнамның ірі іскер қаласында Trump Tower деп аталатын биік ғимарат салынады. Оған 1 млрд доллар бөлінеді. Құрылыс 2026 жылы басталады. Бұл туралы Reuters дереккөз мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Агенттік мәліметінше, Хошимин қаласында кем дегенде 60 қабаттан тұратын ірі құрылыс Trump Organization ұйымының екінші ірі жобасы. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасылық бизнесі. Қазір Вьетнам Вашингтонда сауда келіссөздерін жүргізіп жатыр. Трамп Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы елге 46% баж салығын салған.
Компанияның аға вице-президенті Эрик Трамп өткен аптада Вьетнамда болды деп жазды Reuters. Ол Хошиминде зәулім ғимарат салатын орынды көруге барған. Президенттің ұлы Вьетнамның солтүстігінде гольф-шипажай ғимаратының іргетасын қалаған. Trump Organization гольф-клубты...