Әлемде геосаяси ахуал нашарлаған сайын, алтын мен криптовалюталар құны жоғарылап жатыр. Өйткені инвесторлар активін аман сақтап қалудың амалын іздеп, сенімді қаржы құралдарын көптеп сатып алады. Соның арқасында биткоин (BTC) тағы бір тарихи межені бағындырды.
Айналдырған бір аптаның ішінде бірден 10 мың долларға қымбаттаған BTC құны жексенбі күні 125 мың доллардан асты. Биткоин осындай биік межеге алғаш рет көтеріліп отыр. Биыл жазда оның 120 мың долларды бағындыруының өзі қаржы саласында елеулі оқиғаға баланған.
Криптовалюталардың төресі – Bitcoin қазір шамамен 124 мың доллардың шамасында саудаланып жатыр. Құны көтерілген сайын, оның нарықтағы жалпы капиталы да арта түседі. Қазір ол 2 трлн...