Мишлен жұлдызы — (французша Le Michelin guide) жыл сайын шина шығаратын Michelin компаниясы жариялайтын гастрономиялық нұсқаулық. Онда әр елдегі үздік мейрамханалар аталады. Аспаз бен мейрамхана үшін Мишлен жұлдызын алу — үлкен мәртебе. Көбі бұл марапатқа жылдар бойы ұмтылады, алған соң, оны жоғалтып алмау үшін жанын салып жұмыс істейді. Сонымен Мишлен жұлдызын кім ойлап тапқан? Неге бәрі оған қол жеткізуге құмар?
Мишлен жұлдызы қалай пайда болған?
1900 жылы Франциядағы шина шығаратын Michelin компаниясының негізін қалаушылардың бірі Андре Мишлен жүргізушілерге жол бойындағы көлік жөндейтін шеберханалар мен жанармай бекеттері жайлы ақпарат қамтылған нұсқаулық шығарды. Шина сатып алған әр адамға осындай нұсқаулы...