Қуандық Бишімбаев ісіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Dinara Satzhan YouTube каналына сұхбат беріп, ашық сот отырысынан кейінгі өмірі, экс-министрдің ісі туралы айтты.
«Өмірім сол сот процесінен кейін түбегейлі өзгерді. Өзім қызметіме байланысты тұйық адаммын. Танымал болуға дайын емес едім. Отбасы, мәселесі бар қарапайым азаматпын. Сот басталмастан бұрын маған осылай танымал боласың деп айтқанда, әу баста бас тартар едім», – дейді Аймағанова.
Сот барысында көпшілік прокурордың эмоцияға берілгенін де айтты. Аймағанова қылмыстық істі алқабилер қарағандықтан өзін солай ұстағанын жеткізді.
«Сотта шектен тыс назар аударылды. Алайда ол жерде мемлекеттік айыптаушымын, нақты мақсатым...