Қытай Қазақстан аумағы арқылы ресейлік газ жеткізу маршрутын экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп санайды. Бұл туралы ҚХР-дың Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбатында айтты.
Оның пікірінше, қазіргі болашағы бар бағыт ретінде Батыс және Шығыс Сібір мен Моңғолия арқылы өтетін «Сібір күші – 2» газ құбыры қарастырып отыр. Ханьхуэйдің айтуынша, Ресейден Қазақстан арқылы газ жеткізу қазіргі газ құбырының шамадан тыс жүктелуіне байланысты қиындық туғызады.
«Ресейден Қазақстан арқылы газ жеткізу мүмкін емес, өйткені ол жақта бір ғана газ құбыры бар және ол толық жүктелген…. Егер біз ресейлік газды осы бағытпен тасымалдауға шешім қабылдаса...