Алматы бюджеті 9 айда 205 млрд теңгеге толығып, жалпы 1,8 трлн теңгені құраған. Бұл жайлы Ақордада президент қабылдауында болған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтқан.
«Жергілікті бюджет кірістері 27,2%-ға артып, бұл Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары аясында басымдық берілген жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ал жыл басынан бері қала бюджеті 204,5 млрд теңгеге артып, 1828,5 млрд теңгені құрады»,- деген әкім.
Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысына сәйкес, қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құраған. Сонымен бірге әкім 2024 жылы...