Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде ер адамды соққыға жыққан үш жігіт сотты болды. Сот оларды «Бұзақылық» бабымен кінәлі деп танып, әрбірінің бас бостандығын 3 жылға шектеп, жылына 100 сағаттан мәжбүрлі жұмыс істеуге міндеттеді. Сотталушылар кінәсін толық мойындаған, жәбірленуші оларға кешірім берген.
Осы жылдың ақпан айында Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде ер адамды бірнеше жігіт соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда лифтіге кірген жігіттің артынан бірнеше жігіттің бірінен соң бірі кіре сала, ер адамды жабылып таяқтың астына алғанын көруге болады. Артынша соққыға жығылғын жігіттің пышақталғаны туралы бейресми ақпарат тараған. Бұған оның қарызын өтемей жүргені себеп болғаны жазылған...