Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту – жалпыұлттық міндет екенін атап өтіп, АЭС салу барысында экологиялық талаптарды қатаң сақтау және келіссөздерде ел мүддесін қорғау қажеттігін айтты. Бұл турады ол Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, атом генерациясы – таза қуат көздерінің бірі. Дегенмен, станция құрылысы барлық экологиялық нормаларға сай жүргізілуі керек. Тоқаев халық арасында радиацияға қатысты қорқыныш барын атап, оны сейілту үшін кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Келіссөз барысында ұлтты мүдде ескерілуі тиіс
АЭС жобасын халықаралық консорциум жүзеге асырады, оның жетекшісі – «Росатом». Мемлекет басшысы келіссөздерде Қазақстан мүддесі қатаң ескерілуі тиіс...