Микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) микрокредит бойынша дау туындаған клиенттер енді микроқаржы омбудсманына жүгіне алады деп ескертеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен.
Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Оған қалай жүгінуге болады?
Ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz Электрондық пошта арқылы: info@mfombudsman.kz Кеңсесіне де баруға болады: Алматы қ., Мынбаева көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсеӨтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
омбудсманға жазылған өтініш; арыз алушы толтырған сауалнама (сайтта бар); жеке басын куәландыратын құжат; микрокредит шарты, өтеу кестес...