Ішкі істер министрлігі кей азаматтардың көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйде басқарғаны үшін салынатын әкімшілік жазаны жою туралы талабына жауап қатты.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев азаматтардың бұл талабы орынсыз екенін айтады. Министрлік әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабында көзделген жауапкершілікті жеңілдетуге түбегейлі қарсы екенін мәлім етіп, бейнеүндеуге ауыр жол апаттарының видеоларын көрсеткен.
Ведомство мас жүргізушілерді 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыру жазасы 2020 жылы жайдан-жай енгізілмегенін атап өтті.
«Бұл – заңдағы бап қана емес, жолдағы өмір мен өлімнің арасындағы шекара. Соңғы бес жылда мас жүргізушілердің кесірінен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. 460-тан...