Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде заң шығару жұмыстарымен айналысып, жастар саясаты, білім беру мен әлеуметтік мәселелерге қатысты бірқатар ұсынысты алға тартқан.
2000–2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультетінде «Тарих» мамандығы бойынша білім алған. Кейін 2006–2008 жылдары осы университеттің Философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантураға түсті.
2008–2011 жылдары ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» бағыты бойынша аяқтап, 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғап шықты.
Студенттік жылдары ҚазҰУ-дың студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы болып, жастар...