Қыркүйек айында екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемі 1,4%-ға артып, 36,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасында жазылған.
Статистикаға сүйенсек, тамыз айында заңды тұлғалар допозиттерінің ағыны тіркелген еді. Ал өткен айда заңды тұлғалар салымының көлемі біршама көбейген. 36,7 трлн теңге депозиттің 20,55 трлн теңгесі – жеке тұлғалардың жинағы болса, 16,18 трлн теңгесі – заңды тұлғалардың қаржысы.
Теңгедегі депозит көлемі қанша?
Қыркүйек айында ұлттық валютадағы депозит 458 млрд теңгеге артқан. Жалпы депозит көлемі 28,8 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері 1,1% өсім байқатып, 185 млрд теңгеге артса, заңды тұлғалардың депозиттері 274 млрд теңге қосып...