Испания-Франция матчы алдында Ямал Дембеленің қытығына тиіп, мәлімдеме жасады. Ол «Алтын допқа» таласатынын айтты.
Испания футболының жұлдызы Ламин Ямал бейсенбіден жұмаға қараған түні Ұлттар лигасының жартылай финалында Франциямен кездеседі.
Le Figaro ақпаратына қарағанда, ол Усман Дембелемен бірге «Алтын допқа» таласатыны туралы айтып қалды.
Ламин Ямал жастығына қарамастан, тек қана футбол алаңында ғана жігерлі емес, микрофонда алдында да қаймықпай сөйлейді.
Маңызды матч алдында оған «Алтын доп» туралы сұрақ қойған.
Усман Дембеле – фавориттердің бірі. «Пари Сен-Жермен» жеңімпаз атанған Чемпиондар Лигасындағы үздік ойыншы деп танылды.
«Бейсенбі күні біз жеңеміз деп сеніммен айта аламын. Жеңеміз бе, жоқ па...