15 қыркүйектен бастап банк картасын басқа адамға бергендерге қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бап енгізілді. Соған сәйкес банк мәліметін, карта реквизитін үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ олардың мүддесі үшін ақша аударымдарын жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Бейбіт Біржановтың айтуынша, биыл шамамен мұндай әрекетке барған 6 000 адам анықталған.
Дроппер деген кім?
Дроппер – алаяқтық схемаларға делдал ретінде қатысып, ұрланған ақшаны жіберуге немесе қолма қол ақшаға айналдыруға өз банк картасын беретін адам. Адам қылмысқа әдейі ақша үшін қатысуы мүмкін, кейде алданып қалатын жағдай да болады. Дропперлер операция заңды сияқты көрінуі үшін...