Қазақстандағы барлық банк Отбасы банк сияқты тұрғын үй жинақ жүйесі аясында депозит тарту құқығына ие болады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
Оның айтуынша, коммерциялық банктерде мұндай құқық бұрыннан бар. Алайда қолданыстағы талаптарға сәйкес, олар бұл үшін жеке ипотекалық банк құруы тиіс болған.
«Жеке банк құру – шығыны көп процесс. Ол үшін қайтадан 10 млрд теңге жарғылық капитал енгізу, толық штат ұстау және ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету қажет», – деді Әбілқасымова.
Сондай-ақ Әбілқасымова жаңа «Банктер және банк қызметі туралы» заң аясында коммерциялық банктерге енді жеке заңды тұлға...