ТЖМ Қазгидрометтің 14-15 қыркүйекте күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы мәліметтеріне сүйеніп, дауылды ескерту туралы хабарлама жариялады.
14 қыркүйекте таңертең Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: 14 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 14 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
14 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 14 қыркүйекте солтүстік–шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 қыркүйекте тәулік бойы Түркістан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел соғады, екпін...