2025 жылдың қаңтар-ақпан айында Қытайдан келетін тауар көлемі Ресей импортынан асып түскен. Қаңтар-ақпан айларында Қытайдан келген импорт көлемі еліміздің жалпы сыртқы саудасының 28,8%-ын құраса, Ресейдің үлесі 28,5%-ға тең.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйене отырып, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жазады. Айта кетейік, соңғы он жылда Ресей Қазақстанның негізгі импорттық серіктесі болып келген еді.
Былтыр сыртқы саудада Қазақстан импортының 29,7%-ы немесе әрбір үшінші тауар Ресейге тиесілі болған.
Қытайдан қандай тауар жеткізіледі?
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қытайдан келетін бірқатар өнеркәсіптік және техникалық тауар көлемі айтарлықтай артқан. Мәселен, жол және құрылыс техникасының импорты екі есе өсіп, 65,2 млн...