Қазақстан үкіметі 2025 жылға жоспарланған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 5,6% өсіміне жете алмайды. Экономика тек 5,3%-ға ғана өседі. Halyk Finance сарапшылар осылай деп есептейді.
Оған себеп ретінде қатаң ақша-несие саясаты, мұнай бағасының төмендеуі және сыртқы нарықтардағы тұрақсыздықты атап көрсетеді.
«Біздің 2025 жылға ЖІӨ өсімі жөніндегі болжамымыз – 5,3%. Негізгі қозғаушы факторлар: Теңіз кен орнын кеңейту жобасының толық іске қосылуы аясында мұнай өндіру көлемінің өсуі және ірі инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде бюджет шығындары мен Ұлттық қор трансферттері есебінен жүзеге асыру», – деп жазылған Halyk finance есебінде.
Halyk Finance өз болжамын мұнайдың орташа...