АҚШ, ЕуроОдақ, БАӘ мен Сауд Арабиясы Израиль мен Ливанды тез арада бітімге келіп, қос ел шекарасындағы атысты 21 күн тоқтата тұруға шақырды. Мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған.
21 күн ішінде екі жаққа келісімге келу және Газадағы атысты тоқтатуы үшін дипломатиялық кеңес беріледі. Ал қақтығыс шиеленісіп тұрған кезде, келіссөздер нәтижелі болмайды.
«Біз бүкіл тараптарды, соның ішінде Израиль мен Ливан үкіметтерін осы кезеңде БҰҰ 1701-ге сәйкес уақытша атысты тоқтату және дипломатиялық реттеуге нақты мүмкіндік беруге шақырамыз», – делінген бірлескен мәлімдемеде.
Құжатта Ливан мен Израиль арасындағы 2023 жылдың 8 қазанынан берг...