10 қыркүйекте Нью-Йорк қор биржасында Oracle компаниясының акциялары бірден 40%-ға қымбаттап, компания иесі Ларри Эллисонды әлемдеңгі ең бай адам атандырды. Алайда бір күн өтпай жатып, бұл мәтебесінен айырылып қалды.
Десе де, Ларри Эллисон әлем тарихында 400 млрд доллар межесін еңсерген екінші миллиардер атанды. Бұл көрсеткішке тек Илон Маск жеткен еді.
Рекорд орнатты
Bloomberg Billionaires Index мәліметіне қарағанда, кеше, 10 қыркүйекте Эллисон бір күнде 101 млрд доллар қосып, әлемнің ең бай адамы атанған. Бұл – бүкіл индекс тарихындағы ең үлкен біркүндік өсім.
Кешке қарай ол Илон Маскті басып озды. Оның байлығы 393 млрд доллар болса, Масктікі 385 млрд...