Әйел мұғалім 16 жасар оқушысын зорлады деген айыппен ұсталды. Оқиға АҚШ-тың Техас штатындағы Valley Mills мектебінде болған.
Kwtx ақпаратына қарағанда, қазір оқушыларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактілер тексеріліп жатыр.
3 қыркүйекте аймақ суперинтенданты Крис Дауди ата-аналарға ресми хат жолдап, 25 жастағы Шелби Лашомбе есімді мұғалім мен қыздар командасының жаттықтырушысы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынғанын хабарлады.
Сот құжаттарына сәйкес, Лашомбе «кәмелетке толмағанға жыныстық зорлық-зомбылық жасау» және «мұғалім мен оқушы арасындағы орынсыз қатынас» баптары бойынша айыпталды.
Даудидің сөзінше, әзірге Valley Mills ISD оқушыларының бұл іске тікелей қатысы жоқ. Дегенмен аймақ полициясымен бірлесіп, толық тергеу жүргізбек.
24 тамызда Макленнан аймағыны...