«Қазгидромет» 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанып отырған өңірлер:
9-10 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10-11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында.Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі деп күтіледі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:
Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С; Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде...