Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанда бір палаталы парламент құрылса, құрамында кемі 200 депутат болуы қажет деп санайды. Депутат мұндай пікірді президент жолдауынан кейін айтты.
«Қырғызстанның өзінде 300-ге жуық депутат бар дейді. Сол тұрғыдан келгенде ортақ бір мәміле табылады деп ойлаймын. Өңір санына қарап есептейтін болсақ, бізде де 200 депутаттан кем болмауы керек», – дейді Ермұрат Бапи.
Бапи өз партиясын құруды ойластырып жүргенін жасырмады. Сөзінше, 20 миллион халқы бар елге көп партия қажет емес.
«Американы алсақ, онда республикалықтар мен демократтар бір-біріне оппозиция саналады. Менің ойымша, 20 миллион халқы бар Қазақстанға көп партияны...